Ақтөбе облысының прокуроры Н.Әбдіровпен кездесу

2013 жылғы 15 мамырда ауданға Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және жүзеге асыру мәселелерін шешуді жетілдіру мақсатында жұмыс сапармен Ақтөбе облысының прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров келіп, аудан активімен кездесті. Кездесуде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е.Жиеналин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Маханов сөз сөйледі. Аудан әкімі М.Абдуллин облыс прокурорын ауданның әлеуметтік-экономикалық тынысымен таныстырды.