«Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі

2013 жылғы 1 мамырда «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесінде мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Шара мектеп оқушыларының мерекелік шеруімен басталды. Шеру Ойыл селосының Көкжар көшесінен орталық «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атындағы саябаққа дейін ұйымдастырылды.Орталық саябақта еліміздегі әр ұлттың өнерлері тамашаланып, жиналғандарға олардың ұлттық тағамдары ұсынылды.Шарада Ойыл селолық округінің әкімі А.Есбатырова құттықтау сөз сөйледі.