АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ.

Бүгін Ойыл ауданының әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы Ойыл аудандық әкімдігі ғимаратында тиісті мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен азаматтарға қабылдау жүргізді.Қабылдауға тұрғындар әр түрлі мәселелермен келді. Өтініштердің біршамасы тұрғын-үй, жер және жұмыс мәселесі болды. Қабылдау барысында тұрғындардың жүгінген мәселелерін тыңдалып, заң тұрғысында түсінік беріліп, тиісті мемлекеттік органдарға заңдылығына сәйкес қарау үшін жолданды.