АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНДЕРДІ АРАЛАДЫ

Бүгін, 14 қазан күні Ойыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасының басшысы Ғарифолла Құбаев, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Атағалиев, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Ақмарал Есбатырова және аудандық ішкі істер бөлімінен Асыланбек Есенғалиев азық-түлік дүкендерді аралап, санитарлық талаптардың сақталуын тексеріп, бірқатар дүкен иелеріне ескертулер жасады.