ДӘРІГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Елімізде болған індет кезінде дәрігерлердің жұмысы екі есе қиындаған болатын. Осы уақытта Ойыл аудандық ауруханасының дәрігерлері де аянбай еңбек етіп, күні-түні науқастарға қызмет етті. Жасаған еңбектері елеусіз қалмай бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төсбелгісімен орталық аурухананың екі дәрігері марапатталды. Бірі көп жылдар бойы қызмет еткен, тәжірбиелі дәрігер кардиолог Арыстанова Нұрбану Бақтығалиқызы, екіншісі жас маман терапевт, инфекционист Казиева Айгерім Талғатқызы.Мемлекет басшысының төсбелгісін табыстаған аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы аудан дәрігерлерін құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.