АҚКЕМЕРЛІКТЕРГЕ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ КЕЛДІ

Күні кеше ғана ақкемерліктерге орталықтандырылған ауыз су құрылысы аяқталған еді, енді бүгін ұялы байланыс желісінің келуі ауыл тұрғындары үшін көптен күткен жақсы жаңалықтардың бірі болды. Қазір ақкемерліктер 3G байланысын қолданып отыр.Ұялы байланыс желісін орнату мәселесі жыл аяғына дейін байланыс жоқ ауылдарға да орнатылып жалғасын табатын болады.