"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

Бүгін, 9 қазан күні «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының төрағасы Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы мемлекеттік орган басшыларының қатынасуымен аудан тұрғындарына онлайн форматта қабылдау жүргізді. Өтініштердің біршамасы тұрғын-үй, жұмыс, жер және әлеуметтік көмек мәселелері болды. Барлық түскен өтініштерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер беріліп, заңдылығына сәйкес қарау үшін мемлекеттік органдарға жолданды.