"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау»

Мәмілелердің тек үш түрі бойынша: сатып алу-сату, сыйға тарту, беру шарттары негізінде, 2020 жылдың 11 мамырынан бастап Мемлекеттік корпорацияның барлық филиалдарында ХҚКО-да "нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" қызметі іске қосылды. Осы қызметке сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бір күн ішінде электронды түрде жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (ауыртпалықтардың) туындауына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған мәмілелердің басқа түрлері (айырбастау, жалдау, жалға алу және т.б.) бойынша "жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметі үш жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Нотариалды куәландырылмаған (жай) мәмілені жасау бойынша қызмет "жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды растаусыз шарт жобаларын жасай отырып, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша дайын құжаттарды кейіннен бере отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру" қызметін ескере отырып, Мемлекеттік қызметтер көрсету дирекциясы директорының м.а. 29.07.2016 жылғы № 59 бұйрығымен бекітілген баға прейскурантында көзделген мөлшерде ақылы негізде көрсетіледі (шарттарды жасау (мәтін теру) коммерциялық қызметке жатады).
Нотариалды куәландырылмаған (жай) мәмілені жасау үшін Тараптар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжат (құжаттар); 2) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт; 3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (жер учаскесі болған кезде); 4) үлестік меншіктің барлық қатысушыларының жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға келісімі (нотариалды куәландырылған өтініш)); 5) басқа жұбайдың жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға нотариалды куәландырылған келісімі не иеліктен шығарылатын және сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтыны туралы өтініш; 6) егер жылжымайтын мүліктің иесі кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті шектеулі адам болып табылса, кәмелетке толмаған немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдардың қорғаншы және қамқоршы органдарының, қамқоршыларының жазбаша келісімі;
Көрсетілген құжаттардан басқа, заңды тұлғалар 1),2),3),4) 7) құрылтай құжаттарын (жарғы, Ереже, құрылтай шарты), жалғыз қатысушының шешімі не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен шығаруға құрылтайшылар (қатысушылар, Директорлар кеңесі, акционерлер кеңесі) жиналыстарының хаттамалары (олардан үзінділер) ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа заңдастырылған құжатты мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынады. Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердің баланстық құны Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, жеке және заңды тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа антимонополияға органның жазбаша келісімін ұсынады. Мәмілеге қатысушылар Шарттың дайын жобасын ұсынған жағдайда мәмілені жасаған тұлғалардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қолдарының түпнұсқалығын, олардың әрекет қабілеттілігін (құқық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерік білдіруіне сәйкестігін тексеруді ХҚКО қызметкерлері жүзеге асырады. Мәміле тараптарының қолдарының түпнұсқалығын тексеру рәсімінің аяқталғанын растау ХҚКО-ның жауапты қызметкерінің белгі және қол қою болып табылады.
Бір күн өткеннен кейін электрондық мекенжайға және құқық иеленушінің (-лердің) жеке кабинетіне электрондық үкіметтің веб-порталына жүргізілген тіркеу не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі.