«ADAL KO’MEK» заңгері ЖКО зардап шеккен азаматшаның құқығы PRO BONO (тегін түрде) сотта қорғауда

Осы жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ADAL KO’MEK», тегін заң көмегін көрсету бойынша жобаны жүзеге асырып жатқаны белгілі, бұл сөзбе-сөз «риясыз көмек» деген мағынаны білдіреді.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілері, сондай-ақ "WhatsApp" мессенджері арқылы азаматтарға кеңес беру бойынша табысты тәжірибе қалыптасты, бұл карантин кезеңінде одан да көп сұранысқа ие.
Тегін қызмет көрсету негізде өз қызметтерін ерікті түрде көрсететін заңгерлердің «Жақсылық елшілері» ретінде құқыққорғаушылар, нотариустар мен медиаторлар, соның ішінде «Қорғау» заң көмегі орталығының директоры Азамат Сағал сөз сөйлейді.
Мысалға алатын болсақ, А.Сағалдың пандемия кезінде тікелей эфирдің бірі шеңберінде қиын жағдайға тап болған және қаржылық мүмкіндігі жоқ кәсіби заңгер қызметін пайдалануға мүмкіндігі жоқ азаматшадан өтініш келіп түсті.
Белгілі болғандай, әйел үш жыл бойы ЖКО салдарынан зардап шеккен және кейіннен қатты ауырып қалған қызының денсаулығына келтірілген зиянды және моральдық залалды өтеу туралы талап арыз бере алмады. Кінәлі тұлға келтірілген залалды өтеуден бас тартты. Ал зардап шеккендердің заң қызметтеріне ақша болған жоқ.
Жеке кеңес беру барысында заңгер әйелге тегін көмек көрсету және әділ сотқа қол жеткізу туралы шешім қабылдады.
«Бүгінгі таңда Ақтөбе қалалық соты біздің талап-арызымызды ішінара қанағаттандырды, бірақ бұл бізді қанағаттандырмайды. Істі қарау барысында заң бұзушылықтарға жол берілді, сондықтан біз мұнымен шектелмейміз және міндетті түрде сот актілеріне шағымданамыз!»,- дейді заңгер А.Сағал.
«Адал көмек» – бұл тек заң кеңесі ғана емес, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтардың сотта мүдделерінің нақты өкілдігі», - деді құқық қорғаушы.
«ADAL KO’MEK» жобасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ заңгер мен кәсіби медиатор Азамат Сағалдың белсенді азаматтық ұстанымы арқасында Қоғам Заң күшіне сенеді, азаматтардың құқықтары мен мүдделері қорғалады, халықтың құқықтық сауаттылығы артады.
Статистика көрсеткендей, азаматтар негізінен еңбек, отбасылық және экономикалық даулар саласындағы азаматтық істер бойынша, сондай-ақ алимент және қаржы пирамидалары мәселелері бойынша заң көмегіне жүгінеді.
Біз бұл жұмыс азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен хабардарлығын арттырып қана қоймай, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғап қана қоймай, кәсіпқойлардың заңды қолдауының арқасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алады деп үміттенеміз.