Семинар

2020 жылдың 28 шілдесінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің мамандарымен «WhatsApp» мессенджэры арқылы бейне конференция негізінде Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу рәсімінің өзекті сұрақтары және де Ойыл ауданы жергілікті атқарушы органдары қабылдаған және олардың құзыретіне кіретін НҚА қатысты құқықтық мониторинг жүргізу сұрақтары талқыланды.
Семинардың қорытындысы бойынша жұмысты жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстар берілді.