Адалдық сағаты

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдық сағаты» жалпы республикалық бірыңғай акциясы дәстүрлі түрде тоқсан сайынғы негізде өткізіліп келеді.Мамыр айындағы тақырып - «Парасаттылық - Ұлы Абайдың мұрасы» болды. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған акция аясында еліміздің барлық білім беру мекемелерінің 760 мыңнан астам оқушысы қамтылды.Ал бүгінгі күні кезекті «Адалдық сағаты» барша әлем мойындаған ұлы Әл-Фарабиге арналуда. Сонымен қатар, биыл ұлы тұлғаның 1150 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.Фараби өз шығармаларында, соның ішіндегі «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы ой шерткен.Акцияның басты мақсаты - ұлы ақындардың еңбектері арқылы өскелең ұрпақтың бойына әділдік, адалдық және сенім құндылықтарын сіңіру.Карантиндік шектеулер жағдайында шара онлайн форматта өткізілетін болады.Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен келісілген «Парасаттылық сағаты» бейне-сабағы республикалық және өңірлік телеарналардың эфирдерінде, Агенттіктің Youtube арнасында, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілеріне орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылатын болады.Онлайн «Адалдық сағаттарының» бірқатар артықшылықтары бар:Біріншіден, арнайы әзірленген бейнероликпен барлық білім беру мекемелері қамтылады. Нәтижесінде адам ресурстары мен уақыт ұтымды пайдаланылады.Екіншіден, әлеуметтік желі - жастармен тиімді кері байланыс жасауға мүмкіндік береді. Бейне-дәрістің онлайн-трансляциясы - өскелең ұрпақ арасында парасаттылық жүйесін қалыптастырудың жаңа механизмі.Үшіншіден, терең біліммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектері арқылы жеткізу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі.