«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» туған өлкені өркендету конкурсы 22.06.20. - 21.08.20

Ойыл ауданаралық әділет басқармасы туған өлкені өркендету конкурсын өткізуде. Конкурсқа барлық жас санаттарындағы азаматтар қатыса алады. Кәмелетке толмаған тұлғалар өкілі ретінде олардың заңды өкілдері қатысады. Қатысушылар өздерінің тұрғылықты жері бойынша туған өлкені дамыту туралы барлық сала бойынша ұсыныстарын Ойыл ауданаралық әділет басқармасының s.makhanova@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайына сипаттамасын (еркін нысанда) электронды түрде 21.06.20ж. дейін жібере алады. Егер техникалық шешім, құрылғы, макет ж.т.б. болса онда, фотосурет және қолданудың толық сипаттамасы келтіріледі.
Ұсыныс А4 форматындағы Microsoft Office Word 14 шрифтте төрт бетке дейін болу керек. Конкурстық жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Мазмұны ҚР заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеу тиіс.
Конкурстық жұмыс мыналардан тұрады:
- конкурсқа қатысуға өтінімдер (қосымша);
- ұсыныс, немесе техникалық шешімдердің фотосуреттері, құрылғы, макет ж.т.б. сипаттамасы
Конкурс мақсаттары:
- инновациялық идеяларды дәріптеу және насихаттау;
-туған жерге патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
-елдің дамуына тәжірибелік қатысу деңгейін жоғарылату;
- зияткерлік меншік саласын дамыту.
Жеңімпаздар 2020 жылғы 26 тамызда жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш үлгісі
1
Тегі, Аты, Әкесінің аты
2
Туған күні
3
e–mail
4
Телефон
5
Пошталық мекенжай
6
Жұмыс жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)