«Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы №24 ««Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» шешім жобасының баспа-релизі

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыр және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Ойыл ауданында бейбіт жиналыстарды, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу қоғамдық тәртіпті сақтау, жиналыстарды реттеп отыру үшін жаңа шешім қабылдау мақсатында күші жойылады.
«Ойыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 маусымдағы №24 «Ойыл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Ойыл аудандық мәслихатының шешім жобасы 2020 жылғы 03 маусым күні uil.aktobe.gov.kz сайтында, 2020 жылдың 26 мамыры күні ашық нормативтік – құқықтық актілер порталында көпшілік талқылауы үшін орналастырылды. «Ойыл аудандық қоғамдық кеңесі» қорытындысы 2020 жылдың 08 маусым № 23 санды хатымен алынды.