ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Кемер, Ақкемер ауылының тұрғындары!
2020 жылдың 9 шілде күні сағат 15 00 –де «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Кемер ауылы Ботагөз-2 көшесі №12 мекен жайындағы кеңсе ғимаратында Саралжын ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Кемер, Ақкемер ауылдарының Ботагөз-1, Ботагөз көшелерінің атауларына өзгеріс беру туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
« Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ