Құрғақ шөптің жануы

Сөндірілмеген темекі тұқылы, сіріңке немесе қоқыстарды қурап қалған шөпке жақын жерде қасақана өртеу – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, шаруашылық құрылыстарына, саяжай және тұрғын үйлерге басқаруға келмейтін апатқа әкеп соғуы мүмкін екенін білу қажет!Жанып жатқан құрғақ шөптен өртті болдырмау үшін келесіні жасаңыз:- өз тұрғын үйіңіздің және саяжай учаскеңіздің аумағындағы шөптерді шабыңыз:- құрылыс айналасындағы аумақты құрғақ шөптен, жапырақтардан, қоқыстан тазартыңыз;- өз құрылыстарыңызда периметрі бойынша ені 4 м жырту жұмысын жүргізіңіз;- қолда бар алғашқы өрт сөндіру құралдары - өрт сөндіргіштер, суы бар бөшкелер мен құм салынған жәшіктерді қол жетімді жерде ұстаңыз.Балалармен үзілді-кесілді жасауға болмайтынын, өрт болған жағдайда не істеу керек және қалай әрекет ету керек туралы «өрт қауіпсіздігі» әңгімелерін жиі өткізіп тұрыңыз.