Орманды өрттен сақтаңыздар!

Оттың кездейсоқ тұтануы және орманда табиғи өртке ауысуын болдырмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:- жанып жатқан сіріңкені немесе сөндірілмеген темекіні жерге тастамау;- өрт қауіпті кезеңде от жақпау;- орманда қоқыс өртемеу;- орманда қоқысты, әсіресе жанғыш материалдарды қалдырмау;- орманда шыны бөтелкелерді немесе шыны сынықтарын қалдырмау.Және келесі ережелерді орындау керек:- отты тек арнайы бөлінген орындарда ғана жағу;- егер мұндай орындар болмаса, от жағатын орынды өз бетімен шөптен, жапырақтардан және бұтақтардан топыраққа дейін тазалап дайындау;- кетер алдында от толық сөндірілуі тиіс;- оттың өртке ауысу қаупі болған жағдайда, жану ошағын судың көмегімен сөндіріңіз немесе оны топырақпен көміп тастаңыз.