Назар аударыңыз!

Құрметті аудан тұрғындары! Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 27 Қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекция бойынша Ақтөбе облысында әрі қарай шектеу және Ақтөбе қаласында карантиндік режим шаралары қабылданды.1. Облыс орталығында COVID-19 ауруы деңгейінің 7 күн ішінде 7% - дан жоғары өсуіне байланысты Ақтөбе қаласыдағы келесі кәсіпкерлік және ұйым нысандарының жұмысын жандандыру тоқтатылады: - азық-түлік, мал, автомобиль, киім-кешек, құрылыс базарлары; - ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер; - спорт объектілері (спортшылар үшін); - сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да объектілер; - мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтар; - автомобиль вокзалдары; - азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі; - жазғы сауықтыру лагерлері; - сауда орталықтары, үйлер; - фитнес клубтар, жаттығу залдары, спорт кешендері (халыққа арналған); - бассейндер, аквапарктер; - бильярд, боулинг орталықтары; - компьютерлік интернет-клубтар, ойын залдары; - букмекерлік кеңселер, лото.2. Ақтөбе қаласында 2020 жылдың 18 мамырдан бастап келесідей кәсіпкерлік нысандары мен ұйымдарына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат беріледі: - балаларға арналған түзету кабинеттері (топта 10 адамнан артық емес); - мәдениет объектілері (қызметкерлер үшін 50 адамға дейін, көрерменсіз); - туризм объектілері (демалыс үйлері, туристік базалар және т. б.)); - білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., топтарда 10 адамнан аспайтын)); - отыратын орын саны 30-дан аспайтын және жұмысты уақытша 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелген қоғамдық тамақтану объектілері (жазғы кафе режимінде жұмыс жасау артықшылығымен); - сұлулық салондары, барбершоптар (тек алдын ала жазылу бойынша). 3. 2020 жылғы 18 мамырдан бастап облыс аудандарында келесі кәсіпкерлік нысандары мен ұйымдарының күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі:- білім беру орталықтары, үйірмелер, қосымша білім беру орталықтары (репетитор, тілдік және т.б., )