ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2020 жылдың электр желілерін күрделі жөндеу жоспарына сәйкес, тұрғындарды қысқы күзгі мезгілде үздіксіз электр энергиясымен қамту мақсатында, Ойыл ауылында кернеуі 0,4 КВ электр желілеріне Ойыл ЭЖУ мекемесі мамандарымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Жөндеу жұмыстары кезінде 1969 жылдары орнатылған ағаш тіреуіш бағаналарды жаңа темірбетонды тіреуіш бағаналарына, А-16 маркалы сымдары жоғары электр өткізгіштікке ие АС-35 маркалы сымға ауыстырылуда.Сонымен қатар, алдағы уақытта ауылдық округтерде де күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.