«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал !»

Жіберілген чек үшін ұялы телефон балансын толтыруға болады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал !» акциясын іске қосты. Оның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Әрбір тұтынушы сатып алынған тауар үшін чекті мобилді қосымша ( Wipon тегін қосымшасы) арқылыжібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие. Сондай –ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады, онда факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция 2020 жылдың 13 мамырынан басталып, жылдың соңына дейн жалғасады.
Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасы