Қылмысты алдын алу – ортақ міндет

 Қай мемлекеттің болсын айбарын аспандатып, халықтың тыныштығын қорғауда елдің ішкі қауіпсіздігі маңызды рөл атқарады.
Азаматтардың құқықтары жоғары деңгейде қорғалып, кез келген ірілі-ұсақты құқық бұзушылыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізіліп, темірдей тәртіп сақталған жерде ғана мемлекет экономикасының абыройы артып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басатыны анық. Ауданымыздың жайлы тұрмысы, бейбіт ең­бек етіп, алаңсыз күн кешуі үшін тиісті уәкілетті органдармен бірқатар жұмыстар атқарылуда.Жүргізілген профилактикалық шаралардың негізінде, қылмыстың алдын-алу және болдырмаудың арқасында кейбір қылмыс санаттарының өткен жылмен салыстырғанда бірқатар төмендеуі байқалады. Ағымдағы жылдың 4 айында ауданымызда меншікке қарсы қылмыс, ұрлық, оның ішінде мал ұрлығы азайып отыр.Қылмыстың алдын алу, онымен күресті күшейту жергілікті атқарушы, құқыққорғау және басқадай мемлекеттік органдардың қызметіндегі бастапқы бағыттардың бірі.Осы бағытта ауданның уәкілетті органдарымен біріккен бірқатар жұмыстар атқарылуда.Барлық органдар, мекемелер және ұйымдар бірігіп жұмыс жасап, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру - басты міндет.
Ойыл ауданының прокуратурасы