ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті Қаратал, Құмжарған және Қарасу ауылдарының тұрғындары!
2020 жылдың 11 сәуірі күні сағат 15 00 –де «Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қаратал ауылы Сүлеймен Әулие көшесі №12 мекен жайындағы кеңсе ғимаратында Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өтеді.
Күн тәртібіндегі мәселе:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 ақпандағы 2014 жылғы № 138 «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сүйене отырып Қаратал, Құмжарған және Қарасу ауылдарының көше атауларына өзгеріс енгізу туралы қоғамдық тыңдалым өтеді.
«Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ