Алик Шпекбаев Ақтөбе облысының активімен кездесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақтөбе облысының активімен кездесті.Кездесуге Ақтөбе қаласы мен аудан əкімдері, жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық департаменттер мен құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты."Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралар қабылданып жатыр. "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Өңірде сервистік əкімдік форматында алты ғимарат, «Open space» қағидасымен 49 кабинет жұмыс жасайды. Ақтөбеде ашылған «Antikor ortalygy» билік институттары мен халық арасында жақсы диалог алаңына айналады. Мұнда азаматтардың барлық сұрақтарына жауап қайтарылып, тегін әрі сапалы заңгерлік көмек көрсетілетін болады",- деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Бекенов өңірде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде баяндады.Оның сөзінше «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қызметінің нəтижесінде тұрмыстық жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендеген. Алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: балабақшаларда, мектептер мен ЖОО-да 316 "Адалдық дүкені" ашылып, «Сапалы жол», «Адал жол» жобалары жүзеге асырылуда. Арнайы мониторингтік топтар жұмыс жасап жатыр.Биыл облысқа 600 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылса, оның 30%шетелдік. Инвесторлардың өңір нарығына кіруін оңайлату мақсатында жол картасына қол қойылды. Сонымен қатар жобаны бастапқы кезеңінен бастап пайдалануға беруге дейін жүзеге асыратын орындаушылары жазылған."Бизнесті дамытуда осал тұстарын анықтау, өзекті мəселелерді жедел шешу жобаны жүзеге асыру мерзімі 25%-ға қысқарды. 4,2 трлн теңгеден астам сомаға отыз келісімге қол қойылып, 55 проблемалық сұрақ шешілді.Қазіргі таңда қызметтердің 80 % жуығы электронды түрде көрсетіледі",- деді білім, денсаулық сақтау, ТКШ жəне т.б. салаларындағы сыбайлас жемқорлыққауіпін азайту жұмыстарының қорытындысы туралы баяндаған Қайрат Бекенов.Мəселен, биылғы жылдың соңына дейін Ақтөбедегі 84 мектепке жергілікті атқарушы органдар мен ата-аналардың бюджет қаражатын жұмсауын қадағалауды қамтамасыз етуге, жол ақысын, тамақтануды төлеуге мүмкіндік беретін, балалардың қауіпсіздігін арттыратын əлеуметтік карта енгізілмек."Өңірдің қарқынды дамып жатқанын көріп тұрмын. Көргендерімнен алған əсерім өте жақсы. Облыста 4,2 трлн теңгеге отыз келісімге қол қойылған. Ақтөбе облысына қандай инвестициялардың келіп жатқанын қараңыздаршы. 11,5 трлн теңгенің 385 келісімінің үштен бірі сіздің өңірге тиесілі. Сіздер облысқа қанша отандық жəне шетелдік инвесторлардың сенім артатынын білесіздер ме? Осы жұмыстарыңыз үшін тағы да алғыс айтқым келеді",- деп атап өткен Алик Шпекбаев мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы өзгерістер жайын баяндады.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі