ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША

Бүгін жыл сайынғы дәстүр бойынша "Шұғыла" мәдениет және демалыс орталығында аудан әкімі атынан балаларға арналған аудан көлеміндегі жаңа жылдық шырша өтті. Шыршаға аз қамтылған, көпбалалы, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,  мүмкіндігі шектеулі және үздік оқитын барлығы 101 бала қатысты. Барлық балаларға аудан әкімдігі атынан жаңа жылдық сыйлыққа қыстық киімдер, планшеттер және тәттілер дорбасы табыс етілді. Жүздері қуанышқа, шаттыққа толған бүлдіршіндер жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуін асыға күтті. Жаңа жылдық шыршаны аудан әкімдігінің қолдауымен,  аудандық білім бөлімі және Ойыл қазақ орта мектебі ұйымдастырды. Бағдарлама барысында балаларға мультфилмдер мен ертегі кейіпкерлері тұтасқан көріністер ұйымдастырылды. Сондай ақ,  балғын өнерпаздар өз замандастарына деген мерекелік құттықтауларын өз өнерлерімен жеткізді. Ары қарай мерекелік бағдарлама жасыл шырша жанында дәстүрлі жүрумен жалғасты.