Ақтөбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы әкімдігі мен Азаматтарға арналған үкімет МК Ақтөбе облысы бойынша филиалы ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің көп сұранысқа ие салалары: жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту​ бағыттар бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.
Сонымен қатар шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен мемлекеттік қызметтерді кез келген уақытта компьютер, планшет, мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.