Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Аудандық ауылшаруашылығы колледжінің ғимаратында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытындағы соңғы өзгерістер, Мемлекеттік қызметке кіру тақырыптарында семинар, сонымен қатар «Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі» өтті. Аталған шараларға жергілікті атқару органдардың, Халыққа қызмет көрсету орталығының, колледж қызметкерлері және студенттер қатысты. Шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімен енген соңғы өзгерістер, электронды түрде қызмет алу, мемлекеттік қызметке кіру сатылары бойынша түсіндіріліп, колледж студенттеріне «Ауылға дипломмен» бағдарламасы туралы, жұмысқа орналастыру, EGOV.KZ электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу, АХАЖ және әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша консультациялық көмек берілді.