Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатындағы Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы аясында 2019 жылғы 21 қарашада аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы және барлық мемлекеттік орган басшылары мен ауылдық округ әкімдері тұрғындарға қабылдау жүргізіп, өтініштері бойынша тиісті шаралар қабылдады.