ӘЛИ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың құрметіне арналған еркін күрестен XIII Дәстүрлі Ашық Республикалық турнир өтті.Турнирге 2003-2005, 2004-2006, 2008-2010 жылдары туылған жасөспірімдер мен қыздар қатынасты.Олар еліміздің барлық облыстарынан келді.Жер-жерден жиналған палуандардан 110 келіде белдескен Ойылдық палуан Кабдрахман Әли жеңімпаз атанды.Жерлесімізді бүгінгі жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақыттада боз кілемде жеңістер тілейміз.