Хабарландыру

Достар, жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін білесіз. Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз. ✅ Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бірретік құпиясөз арқылы кіріңіз;✅ Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;✅ Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі.Бәрі өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз#oqytoqy