Тауарларды электрондық саудамен жүзеге асыру

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінде тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.
Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Сонымен бірге тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Хабарламаны бекіту және оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркегеннен кейін тұрғылықты жері бойынша (ЖТ) немесе тіркеу орны бойынша (ЗТ) хабарландыруды мемлекеттік кірістер басқармасында қағаз жүзінде алуға болады.
Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасы