Қызметті онлайн қалай алу керек?

1 қарашадан бастап өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мекенжай мәліметтерін көруге рұқсат беретін сервис қызмет көрсете бастайды. Оның қалай жұмыс істейтінін бүгін #OqyToqy айдарында толығырақ айтып береміз!Egov.kz порталында қызмет қалай аталады?1. Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисіҚызметті онлайн қалай алу керек?Өз атыңыздан үшінші тұлғаларға мәліметтерді көруге рұқсат беру үшін мәліметтерді сұратушы тарап порталда авторизациядан өтіп немесе тіркеліп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек;Сұрау жасатқан тарап сіздің ЖСН-ініңізді енгізуі қажет;Берілген анықтамалар мен қызметтер ішінен «Мекенжай мәліметтерін сұрату» қызметін таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегімен қол қоюы керек;Бұл ретте, сізге келген смс-хабарламада үшінші тұлғаның сіздің атыңызға мәліметтерді сұратқаны және оған рұқсат беруіңізді сұрайды. СМС-ке жауап 2 сағат ішінде берілуі керек. Ескерту: Жүйені пайдалану үшін сұратушы тарап пен мәліметтерді ұсынуға рұқсат беруші тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильді азаматтар базасында тіркеуі болуы шарт.