Жаңалық

Достар, кез келген уақытта, кез келген жерде ұялы телефоныңыздағы телеграм қосымшасындағы EgovKzBot және ВКонтакте мен Facebook месенджерлерінің көмегімен соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы онлайн алуға болатынын білесіз бе? Қызметті онлайн алудың басты әрі бір ғана шарты - сіз мобильді азаматтар базасына тіркелген болуыңыз қажет. Анықтаманы EgovKzBot-тан алу жолдары: EgovKzBot-тан қызметтер мәзіріне өтесіз. Сол жерден өзіңізге қажетті анықтаманы таңдайсыз. Құптау үшін ұялы телефоныңызға келген SMS-хабарламадағы кодты енгізесіз. Мәртебесін тексеріп, дайын анықтаманы ашасыз н/е электронды поштаға жібересіз. ВКонтакте, Facebook месенджерлері көмегімен алу жолдары: «Портал Egov.Kz» жазуын іздеу жолына енгізесіз Қажетті анықтаманы таңдайсыз Құптау үшін ұялы телефоныңызға келген SMS-хабарламадағы кодты енгізесіз Мәртебесін тексеріп, дайын анықтаманы ашасыз н/е электронды поштаға жібересіз. Игілігіңізге пайдаланыңыз! #Қысқанұсқа