Мал азығын дайындау және тасымалдау кезіндегі ӨҚ!!!

Қазіргі таңда ауданымызда мал азығын дайындау және астық жинау, оны тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Осындай қарбалас кезеңде шаруа қожалықтары мен әр бір мал ұстаушы азамат, мал азығын (шөп) дайындау және дайындалған пішенді баз бастарына және аулаларына тасмалдау ісінде өте жауапты. Олай дейтін себебіміз, мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерімен талаптарын сақтау мәселесіне және жұмысқа жұмылдырылған барлық техникалар өрт қауіпсіздік ережелеріне сәйкестендіріліп, жұмысшыларды өртке қарсы нұсқамадан өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарамаса, еңбектің еш кететіндігін есте сақтаған жөн. Сондықтан, мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін шараларын қатаң сақтау керек екендігін естен шығармаймыз. Атап айтқанда олар мыналар: жұмылдырылатын техникаларды жарақты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету, ірi жемшөптердi тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықтау, агрегатта және оның, айналасында темекі тартуға тыйым салу, тракторлар мен автомобильдердің ұшқын сөндіргіштермен және өрт сөндіргіштермен жабдықталуы, электр-газ дәнекерлегішін қолдана отырып, жөндеу жұмыстарын арнаулы орындарда жүргізу, ірi жемшөптердi жинау биiктiгi жер деңгейiнен 4 метрден аспайтындай етiп жинау, ірi жемшөптерді тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асыру қажет, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады, тұрғын үйлердiң қожалық учаскелерiнде ірі жемшөптердi жинау ғимараттарға және аула алдындағы құрылыстарға дейiн кемiнде 15 метр қашықтықта жинау. Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан ауданымызда 2018 жылдың тамыз айынан бастап тұрғын секторда қора–жайлар мен мал азығының өртену дерегінің 9 жағдайы тіркелді.Біз жоғарыда мал азығын дауындау кезеңінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын келтірдік. Сондықтан ауданымыздың әрбір тұрғынына өрттерден түрлі зардаптар келмес үшін, сақтық шараларын орындау кезек күттірмейтін мәселе екендігін ескерткіміз келеді.Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі