ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ!!!

Жылу беру маусымындада өрт оқиғасымен өрттен тараған көмір қышқыл газының улы екендігі айтылып, жазылғанымен әліде болса немқұрайлықпен қараудамыз. Атап айтсақ, 2018-2019 жылдың жылу беру маусымында ауданымызда тұрғын үйлердің өртену дерегінің 5 жағдайы тіркелді. Тұншықтырғыш газбен (угарный газ) уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 3 ересек адам, 2 бала зардап шекті. Сондықтан, алдымыздағы жылу беру маусымында аталған жағдайларды болдырмаудың мүмкіндіктерін жасап отыруға тиіспіз. Сондықтанда аудан тұрғындарының назарына жылу беру маусымы алдында орындалуы тиіс талаптарын ұсынамыз: 1. Жылу беру маусымын алдында пештер мен түтіндіктерді күйеден тазарту керек, жылу пештері үш айда бір рет, үздіксіз қозғалыстағы ошақ пен пештер екі айда бір рет, үздіксіз жағылатын ас үй плиталары мен басқа пештер айына бір рет тазартылуы тиіс.2. Қатты отынмен жұмыс істейтін пештерінде алдына 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегі металл табақпен қорғалған болуы тиіс.3. Тұрғын үйлеріңізді бір өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз, бұл өрт оқиғасы болған кезде тез әрекет етіп өртті сөндіруге көмегін береді, сонымен бірге өзіңіздің және туыстарыңыздың қауіпсіздігі үшін тұрғын үйлеріңізде тұншықтырғыш және табиғи газдың шығуын анықтайтын датчиктерді орнату қажет. Біз жоғарыда алдымыздағы жылу беру маусымында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын келтірдік. Сондықтан ауданымыздың әрбір тұрғынына өрттерден түрлі зардаптар келмес үшін, сақтық шараларын орындау кезек күттірмейтін мәселе екендігін ескерткіміз келеді.Ойыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі