Жас кәсіпкер

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 15 тамыздан бастап кәсіпкерлік негіздерне оқу басталады. Кәсіпкерлік негіздерін оқуын аяқтаған азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар алуға және төмен пайызбен шағын несие алуға мүмкіндік берілген. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы негізінде «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсын аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 АЕК немесе 505,0 мың теңге көлемінде беріледі.