Хабарландыру!

Құрметті Ойыл ауданының тұрғындары!
2019 жылдың тамыз айында халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру мақсатында кез-келген аудан тұрғындарына ақысыз оқыту сабақтары өткізіледі. Атап айтқанда қызметкер, зейнеткер, кәсіпкер, жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жандарға оқуға болады. Оқыту сабақтары төмендегі 6 бағдарламаны қамтиды:
1. «Базалық цифрлық дағдылар»
2. «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер»
3. «Электрондық сауда»
4. «Ашық үкімет»
5. «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері»
6. «Post.kz онлайн қызметтерінің гипермаркеті»
Оқыту барысында әлеуметтік желілерді пайдалану, мемлекеттік қызмет, интернет арқылы сауда жасау, ғаламторды пайдалану т.б. тақырыптар қамтылады. Цифрлық дағдыларды тегін үйренемін деушілер келіп қатысуға болады.
14-24 тамыз аралығында Ж. Жүсібалиев атындағы ҚОМ, 26-29 тамыз аралығында Ойыл қазақ орта мектебі компьютер кабинеттерінде өткізіледі.
Анықтама үшін мына телефондармен байланыса аласыз. 14-24 тамыз аралығында 87055364365,
26-29 тамыз аралығында 87785979796 телефондарына хабарласыңыз.