Қазақстан Республикасы аумағында импортталған товарлар

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауарлардың жалпы құнының 12% мөлшерінде есептеледі.
Казақстан Республикасының салық төлеушілері қосылған құн салығы бойынша 105115 төлем кодына (ЕАЭО аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы) тіркелген мекен-жайы бойынша төленеді.
Сондықтан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, декларацияны 320.00 нысан салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығын тұрған жеріңіз (тұрғылықты жеріңіз) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төлеуіңіз тиіс.
Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды ұсынады:
- тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті 328.00 нысан қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда.
- импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың іс жүзінде төленгенін растайтын банктің үзінді көшірмесін
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, тауарларды тиеп-жөнелту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактураларды.
- солардың негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар сатып алынған шарттарды (келісімшарттарды)
Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация мен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өтініштер) электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Есептілік нысандарын 320.00 және 328.00 уақытында тапсырмаған жағдайда, салық төлеуші «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші «ескерту», егер де әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса «15-тен бастап 75 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (37875-189375 теңге)» салынады.
Жанама салықтарды төлемеген, не толық төлемеген не болмаса уақытылы төлемеген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 287 бабының 1 тармағына сәйкес «10-нан бастап 50 айлық есептілік көрсеткішке дейін айыппұл (25250-126250 теңге)» салына отырып әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы