ЖЕМҚОРЛЫҚ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫН ЖОЯДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 1997 жылғы қазан айындағы жол-дауында «Адамдардың әл-ауқа-тының өсуі біздің күнделікті жұмысы-мыз, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл жүргізілуі тиіс. Бет-жүзіне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымы-расыз күрес жүргізу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс» - деген болатын. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында «Қазақстанның мемлекеттік тәуел-сіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарт-тарға сай институттары мен тетік-терін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңімен жүріп келетін-дігі» - айтылады. Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру ре-тінде оны дамытудың негізгі үш деңгейін атап өтуге болады, олар қандай да бір тарихи уақыт кезеңінде қозғалатын басымдықтарға қарай бөлінеді. Бұл жемқорлықтың сал-дарымен емес, себептерімен және оның пайда болуына жасалған жағ-дайлармен күрес. Кезеңдердің әрқайсысында еліміз белгілі бір нәтижелерге жетті. Бірінші деңгейде тек жазалау тәжірибесі басым, екінші кезеңде аралас үлгі, қылмыстық-құқықтық және алдын алу шара-ларының қолданылуымен сипат-талады және қазіргі соңғы деңгейде сыбайлас жемқорлықты болдырмау өте маңызды болып отыр.Осылайша, ел Президенті Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан халқын жұмылдырып қана қоймай, сонымен қатар, Республикамыздың дамуына ауқымды басымдықтар берді, ол еліміздің сәтті дамуының негізі болды. Талғат ҚОЖАХМЕТОВ, Қайыңды ауылдық округінің әкімі.