Жастар табиғат аясында бас қосты

Аудан жастары Қаратал ауылдық округіне қарасты Сарқырауық табиғаты аясында бас қосты. Тұңғыш Президентіміз жариялаған «Жастар жылы» аясында өткен шараға қараталдықтар ұйытқы болды. Түс ауа басталған шараға әр ауылдық округтерден арнайы делегаттар келіп, бір қапталы Барқын құмымен қабысып, бір қапталы Ойыл өзенімен ұштасқан тұмса табиғаттың таңғажайыптарын тамашалады. Аудан әкімі Дастан Сағыров пен бірқатар мекеме басшылары аталған шараға арнайы қатысып жалынды жастармен еркін тілдесіп, ашық сұхбат құрды.