Әр бала - бір жұлдыз

Ойыл ауданының психологиялық - педагогикалық түзетім орталығы балаларды қоғамнан шеткері қалдырмай, олардың халық алдына еркін шығуына, басқада адамдармен араласуына жағдай жасау, достық қарым-қатынас орнату, адамгершілікке, татулыққа тәрбиелеу, олардың бойындағы кішкене болсын таланттарын, талаптарын халыққа паш ету мақсатында шағын есеп беру концерттік бағдарламасын ұйымдастырды. Сонымен қатар көрме ұйымдастырылып, көрмеде оқытушы мамандардың қолданатын құралдарымен қатар оқушылардың өз қолдарымен жасаған көркем дүниелері де халық назарына ұсынылды. 2013 –жылы ашылған бұл орталықта қазіргі таңда 62 бала тәрбиеленіп жатыр.