Иманды қыз-аяулы ана

Қыз-өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп,аялайтын асыл аруы десек те артық етпес. Қыз баланы қазақта кішкетайынан мәпелеп, аялап өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген. Осы орайда Ойыл аграрлық колледжінде Халықаралық қыздар күніне орай ұйымдастырылған онкүндік аясында «Иманды қыз-аяулы ана» атты қыздар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты - қыз баланың бойындағы асыл қасиеттерді айта отырып, болашағына дара жол салу. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсері анық екендігі айтылды. Қатысушы қыздар қазақ қызының бойындағы адамгершілік қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұратындығын ортаға салып, талқылады. Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң білім ордасынан бастау алары сөзсіз. «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы», отбасынан алған тәрбиені жоққа шығармау өз қолдарыңызда екендігін естен шығармаған жөн. Айдана СӘРКЕНАЕВА, Ойыл аграрлық колледжінің психологы.