МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«2019 жыл - Жастар жылы» аясында аудан жастарын қолдау және жастар жылында жастарға мүмкіндіктер көрсету мақсатында, аудандық жастар ресурстық орталығы және Ойыл аудандық орталық ауруxананың өзара келісімімен, 18-29 жас аралығындағы жастарға ауруxананың стомотология бөліміне тіс емдеу, жұлу жұмыстарына 50% жеңілдік жасауға бірлескен екіжақты МЕМОРАНДУМға қол қойылды.Меморандум аясында ауданымыздың 18-29 жас аралығындағы жастарға тіс емдеу, жұлу жұмыстарына 50% жеңілдікпен қызмет көрсетіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс.