ОЙЫЛДЫҚ ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, қол ұштарын созып, жақсылық жасауға асыққан, атсалысқан ол - Ішкі істер бөлімінің жас полициялары. Қайырымдылық акциясы аясында 13 ақпан күні аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен, аудан басындағы жас мемлекеттік қызметкерлердің акциясын қолдау және жалғастыру, көмек қол ұшын созу мақсатында бүгін, Ішкі істер бөлімінің жас полициялары аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың үйлерін аралап, әлеуметтік пакеттерін табыстап қайтты.