Ауған соғысының аяқталғанына тура 30 жыл толды.

Бүгін ауданда осы айтулы шараға орайластырылып, салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.Аталмыш шараның мән-маңызы жоғары екенін аудан әкімі Дастан Сағыров атап өтіп, өз кезегінде жас толқынға әскери-патриоттық тәрбие беруге үлес қосып жүрген Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті.Шара аясында Ауған соғысының ардагері Абай Тоқпағанбетов Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөліссе, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген әскери міндетті жас Сұлтан Муса сөз сөйлеп, барша аудан жастардын әскер қатарына қосылып Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге шақырды. Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.