-

Бүгін аудан орталығында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға өзінің денсаулық жағдайына байланысты қатынаса алмаған Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылының тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Хитрук Виктор Филимоновичтің шаңырағына аудан әкімінің орынбасары Қазыбаев Асқар Қайырғалиұлы арнайы барып, бұл атаулы күнмен құттықтап, мерекелік төс белгісін табыстады және тезірек сауығып кетуін тіледі.