Ашық есік күні

14 ақпан күні Мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланысын нығайту мақсатында Ойыл ауданының әкімдігі аудандық Мәдениет үйінде "Ашық есік күндері" кең көлемді акциясын өткізді. Қабылдауды Ойыл ауданының әкімі Дастан Сағыров бастаған мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының, коммуналдық мекемелердің "Энергосистема" ЖШС, Ойыл газ шаруашылығы басшылары мен мамандары жүргізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салды.Аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы тұрғындардың мәселелерін жіті тыңдап, әрқайсысына нақты жауаптар қайырды. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырма айтып, орындалуына тікелей бақылау жасайтынын жеткізді.Қабылдау өткізген мамандар тұрғындарды тыңдап, кеңес берді және әр адамды тіркеп, арыз-шағымдарын жаздырып алып қалды. Ал кейбір арыз-шағымдар сол жерде шешіліп аудан тұрғындары өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарына тиісті жауаптарын алды.