Назар аударыңыз!

Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді.Жиынға селолық әкімдер, аудандық бөлім басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлер қатынасты.Күн тәртібінде аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы С.Меруенов 2018 жылғы аудан бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында атқарылған іс-шаралар бойынша баяндама жасады.Сонымен қатар, «BATYS – MONITORING» әлеуметтік зерттеулер агенттігінің «Аудан тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен қаңағаттану деңгейі» тақырыбында жүргізілген зерттеуге талдау жіргізілді. "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Ойыл аудандық бөлімінің басшысы А.Бақтыгереев 2018 жылғы аудан бойынша мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтердің үлесі бойынша баяндама оқыды. Аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті бөлімдерге ұсыныстар беріліп, тапсырмалар жүктелді.