Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

2013 жылғы сәуірде Ойыл патриоттық тәрбие беру орталығында жұмыс іздеген тұрғындармен кездесу өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев, Ойыл селолық округінің әкімі Ақмарал Есбатырова, және шаруа қожалықтары басшылары мен мекеме басшылары қатынасты.
Жәрмеңкені аудан әкімінің орынбасары Асқар Қазыбаев ашты.
Жәрмеңкеде шаруа қожалықтарының басшылары 70 жұмыс орындарын ұсынды.
Жұмыссыздар өзі қалаған жұмыстарын шаруа қожалық басшыларымен бетпе-бет кездесіп, шаруашылық жағдайларын білісті.
Жәрмеңкеде «Нұр Отан» ХДП-сы Ойыл аудандық филиалының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Марал Сембі аудандағы жұмыспен қамту мәселелерін шешуде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып, жастарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту қажеттігін түсіндірді