ҰБТ - түлектерге қорқыныш тудырмауы тиіс.

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз жоғары оқу орнына түсу үшін талапкерлерге арналған сынақ. Ағымдағы жылы ҰБТ форматы дәл өткен жылдағыдай, еш өзгеріссіз қала бермек. 2017 жылы қоғам арасында үлкен пікірталас туғызған жаңа форматтағы ҰБТ өз деңгейінде өтті. Ал енді ағымдағы формат бойынша ҰБТ 20 маусым мен 1-ші шілде аралағында аудан орталығындағы Ойыл қазақ орта мектебінің базасындағы 844 ҰБТӨП-те өткізіледі.
ҰБТ-ге өтініш қабылдау 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында жүзеге асырылады. Ағымдағы формат бойынша 5 пән бойынша математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, қазақстан тарихы және мамандқ таңдауына сәйкес 2 бейіндік пән бойынша тест тапсырады. Сұрақтар саны-120. Максималды балл-140. Шекті балл-50. Тестілеу уақыты-3 сағат 30 минут.
Бейіндік пәндер топтамасн әр оқушы өзі таңдауы тиіс. Біздің еліміздегі жоғары оқу орындарында 175 түрлі мамандқ бар. Сол мамандықтарға сәйкес, мысалы, дәрігерлік мамандыққа баруы үшін биология+химияны тағдауы қажет.
Бүгінгі таңда Ойыл ауданында 200-ден астам түлек мектеп қабырағасымен қоштасқалы отыр. Жыл өткен сайын ҰБТ тапсыратын оқушылар саны да артып келеді. Сол себепті де оқушылар дайындықтарын күшейтіп, гант иегері атану үшін білімін шыңдау керек.
2017-2018 оқу жылы басталғаннан 844 ҰБТӨП-нің ұйымастыруымен 2 мәрте байқау сынақтары ұйымдастырылды. Жалпы білім беретін мектептерде №138 филиал жетекшсі мен сарапшысы ата-ана, мұғалім, оқушыларыға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп бастады. Қазіргі технологияның дамып тұрған заманында ҰБТ -ге дайындықтың ең тиімді түрі онлайн байқау сынағын тапсыру. Сондықтан оқушыларды дайындықтарын зерделей түсу үшін онайн байқау сынақтарын тапсыруға шақырамыз. Онлайн байқау сынағының құны-260 теңге.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу ережелеріне сәйкес тестілеуге қатысушыға: сөйлесуге, орын ауыстыруға, емтихан материалдарын айырбастауға, көшіруге, аудиторияға анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтар, шпаргалкалар, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдарын алып кіруге және қодануға, кез-клген радио-электронды байланыс түрлерін пайдалануға, емтихан материалдарын (жауап парақтары мен сұрақ кітапшалары) умаждау, корректор сұйығын қолдану арқылы, сұрақ-кітапшаның бетін жырту, жауап парағында бояуға қарастырылмаған тұсын бояу (жауап апарағының нөмері) арқылы бүлінуіне жол беруге тыйым салынады.
Бүгінгі таңда 844 ҰБТӨП-де 1 рамалы металлодетектор, 5 телефон сигналын өшіретін құрылғы және бейнебақылау құрылғыларымен қамтылған 8 аудитория бар.
"Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында",-деп Елбасымыз ұстаздар қауымына үлкен үміт артады. Сондықтан да ұстаздармен бірге еңбектеніп, ата-анының үкілі үмітін ақтау- әр перзенттің міндеті. Еңбек, еңбек-бәрін жеңбек деген халық мәтеліне сүйене отырып, түлектерге дайындық, дайындық тағы да дайындық дейміз. Ал ата-аналарға балаңызға психолиялық тұрғыдан көмек беріп, сенім артыңыз. ҰБТ- қорқыныш емес, жоғары оқу орнына түсуге арналған сынақ екенін әр оқушы сезіне білуі керек. Сәт сапар құрметті түлектер! Алдағы сынақтан сүрінбей өтіңіздер!