Сыбайлас жемқорлыққа қарсыстандарт

Мемлекеттік қызметшілердің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты - мекемеде мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетін, мінез-құлқын қалыптастыру және заңнамамен бекітілген шектеулер, тыйым салулар мен талаптарды сақтау мақсатында жасақталды.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Ойыл ауданының жергілікті атқарушы органдары.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» ММ.
3.1 қоғамдық қатынастардың жеке саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары.
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, заңдарда белгіленген тәртіпте және мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;
- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық сүйене отырып көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
- көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету барысында және өзге де рұқсат беру функцияларын атқаруда қандайда бір төрешілдіктен (бюрократия) аулақ болу;
- нақтылы бір міндеттерді орындауда нормативтік-құқықтық актілермен үйлестіруге сәйкес келмейтін жағдайлар белгілі болғанда, уәкілетті органға дереу жазбаша түрде хабарлау;
- Конституцияның талаптарын, заңдардың және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;
- барлық күш-жігерді жоғары кәсіби жұмысқа және өзге де құзыретіне кіретін алға қойылған міндеттерді оңтайлы, тиімді шешу тәсілдеріне жұмсау.
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамасына сәйкес оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау;
- бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде және өзге де іс-әрекеттерде, қолданыстағы заңдылықтарды мұқият сақтай отырып объективті шешім қабылдау;
- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау кезінде өзінің Заңды міндеттерін орындауға байланысты, ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
- еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген өкілеттіктерге сәйкес тиімді билік ету, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың, мемлекеттік органдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға.
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
- нормативтік-құқықтық актілерді дайындау кезінде 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V "Құқықтық актілер Туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қатаң сақтау;
- нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын жағдайларда, олардың алдын ала қоғамдық талқылауынсыз әзірленуіне және қабылдануына жол бермеу;
- аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытынды сараптамасынсыз жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;
- нормативтік немесе жеке биліктік құқықтық ұйғарымдар берілуін қамтамасыз ету;
- өзіне немесе үшінші тұлғаларға пайда табу мақсатында, нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына жол бермеу;
- белгіленбеген тұлғалар тобына немесе жеке-дара белгілі бір тұлғаларға бағытталуы тиіс;
- заңнамада белгіленген мерзімдері қатаң сақтау.
3.4. өзге де өзара қарым-қатынаста, ерекшелігіне байланысты туындайтын саланың тыныс-тіршілігінде:
- мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін төмендететін немесе кедергі жасайтын, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, іс-әрекеттерге қарсы тұру;
-заңда белгіленген әкімшілік немесе қылмыстық, тәртіптік жауапкершілік жасаған үшін теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
- іскерлік этикет ережелері мен ресми мінез-құлық сақтау;
- басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті де анық мәліметтер ұсыну;
- автокөлік құралдарын қоса алғанда, меншікті ұтымды әрі тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануға, мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін біліктілігін және өзінің кәсіби деңгейін арттыру.
4. Басқа шектеулер мен тыйым салулар:
-жұмысқа кіру кезінде өзіне қабылдаған мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтауға;
- ереуілдерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысу.