ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы - Қ.А.Тоқушев келді

5 қазан күні Ойыл ауданына іс сапарымен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы - Қ.А.Тоқушев келді. Іс-сапар барысында Қ.А.Тоқушев Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, кездесу барысында сөз алған Қ.А.Тоқушев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының негізгі бағыттары жөнінде баяндап, жиналғандарға аталған заң талаптарын қатаң сақтауға кеңес берді. Сондай-ақ Қ.А.Тоқушев бұл басқосуда мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға да кеңінен тоқталды, аудан әкімі Б.Б.Күзембаевамен, аудан прокуроры Ә.Балғазинмен бірге жеке қабылдау өткізіп, өтініш жасаушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді.